Туризм. "Көшпенділер" визасы енгізілуі мүмкін
Еліміздің туристік аймақтарының тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.
Қазақстан, туризмін дамыту мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылмақ. Мәселен, биыл Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларындағы әуежайлардың 3 терминалының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл жолаушылар ағынын едәуір көбейтуге сеп.
Сонымен қатар, жеңілдетілген несиелеу мерзімі, халықаралық франшизаға ие қонақ үйлер үшін 7 жылдан 10 жылға дейін ұзартылды.
Фермерлерге өз жерінде агро-туризммен айналысуға рұқсат беру көзделіп отыр. Бұл ауылдағы 10 мыңнан астам адамды қосымша жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермек.
Ал салалық министрлік шетелдіктер үшін "көшпенділер" визасын енгізуді пысықтап жатыр.