Шымкентте әр 15 минутта бір бала дүниеге келеді

Шымкенттегі перзентханаларда ана мен бала өлімі азайды.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайғылы жағдайлар көрсеткіші 7,1% төмендеген. Мұндай оң өзгеріске жүкті әйелдерді диогностикалық тексерулерден өткізіп, денсаулығын ұдайы бақылауда ұстау әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, былтыр қаладағы перинаталдық орталықтар заманауи қондырғылармен жабдықталды. Нәтижесінде төрт босану үйінің үшеуі жоғары дәрежелі медициналық қызмет көрсете бастады.

Биыл Израиль, Түркия мемлекеттерінде 36 дәрігер біліктілігін арттырады. Тағы 250 медицина қызметкеріне жергілікті жерде литвалық мамандардың шеберлік сабақтары жоспарланған.

Айта кетейік, демографиялық өсімі жақсы өңірде былтыр 26 мың сәби туылса, биыл нәрестелер әр 15 минут сайын дүние есігін ашып жатыр.

Нұрлыбек Асылбеков, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- 4 мекемені жарақтандыру үшін былтыр 900 млн теңгеден астам қаражат бөлініп, соған балалардың, аналардың өміріне байланысты жабдықтар сатып алынды. Сол мекемелердің бәрі аккредитация өтіп жатыр. Сапасын көтеріп жатыр. Осының бәрі қосымша сол аналар мен балаларға сапалы көмек көрсетуге көмектеседі.