Кәсіпкер аналар форумы өтті

Елде бизнес саласындағы әйелдердің үлесі артқан.

Жан-жақты қолдаудың арқасында олар кәсібін нәсібіне айналдырып, саудасын дөңгелетіп отыр.

Сондай қол ұшын созуға дайын ұйымдардың бірі “Umai” кәсіпкер әйелдер қауымдастығы. Ұйымдастырушылар жылдағы дәстүрден жаңылмай, Астанада республикалық көлемде 4-рет форум өткізді.

Іс-шараға бизнесте табысқа жеткен және кәсіпкерлікке енді бет бұрған 300-ден астам қыз-келіншек қатысып, өзара пікір алмасты. Форум барысында “Анамның қолымен жасалған” атты көрме ұйымдастырылып, қатысушылар өз өнімдерін таныстырды.

Мәдина Сәкенқызы, кәсіпкер:

- Мен былтырдан бастап Ұмай форумына қатысқанмын. Менің кәсібім шапан, тақия тігемін және әртүрлі әшекейлер жасаймын. Мен Жәмила Ерназароваға айттым сіздің форумыңыз арқылы мен тақияларды тіге бастадым деп. Сосын ол маған қолдау көрсетті.

Меруерт әубәкірова, кәсіпкер:

- Арнайы осы форумға Алматыдан келдім. Әрқашан осындай жобаларды қолдауға дайынмын. Қазақстанда осындай жобалар көп болса екен.