Елімізде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде
2024 жылғы 15-16 мамыр аралығында барлық өңірлерде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі.
Бұл іс-шара табиғи өрттер туындаған кездегі іс-қимылдарға басқару органдарының, азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдарының дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Ерлан Нұрпейісовтың басшылығымен Абай облысының «Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалының аумағында орналасқан.
Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн ішінде барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені, сондай-ақ әрбір ведомство үшін жеке айқындалған тиісті кіріспелер бойынша азаматтық қорғау қызметтерімен және құралымдарымен практикалық іс-қимылдар жүргізіледі.
Республикалық штаб табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін басқа облыстардан күштер мен құралдарды тарту жөніндегі алгоритмді пысықтайды.