Аумақтық қорғаныс бригадасының әскерилері оқу-жаттығу өткізіп жатыр
Павлодар облысында «Бекет-2024» кешенді оқу-жаттығуы өтіп жатыр.
Мұнда аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері стратегиялық маңызы бар Павлодар мұнай өңдеу зауытын күзетіп, жасалған шабуылға тойтарыс беру ісін пысықтады. Жиынға сала басшылары қатысып, күштік құрылымдар бөлімшелерінің өзара іс-қимылын қарады. Сондай-ақ өңір кәсіпорындары ұсынған техниканы жинау тәртібі, тұрғындарды далалық лагерьге орналастыру мәселелері зерделенді.