Заңсыз берілген жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматы прокурорлары «Медеу» табиғи паркінде заңсыз берілген жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарды.

Аталған жерлердің кадастрлық құны 3 млрд теңге сомасында бағаланды. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады.

2020 жылы жеке тұлғалар табиғи аумақтағы жалпы ауданы 35 гектар болатын 10 жер учаскесін меншіктеп алған. Ал тексеріс жүргізген прокурорлар сотқа жүгінді. Сот құзырлы органның талап-арызын қанағаттандырды.