Тасқыннан соң. 200-ден астам отбасына баспана берілді

Елде су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасына жаңа үй берілді.

Ақтөбе, Павлодар, Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында тағы 658 баспана салынып жатыр.

25 мыңға жуық жанұяға, бірреттік көмек ретінде 9 млрд-тан астам қаржы бөлінсе, мал шығыны үшін берілген көмек 1,3 млрд теңгеден асты. Ал тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге 596 отбасына 878 млн тг шамасында өтемақы төленді.

Бүгінге дейін су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 11 мыңға жуық үй тексеріліп, 8 мыңнан астамына бағалау жұмыстары жүргізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, келтірілген зиянды өтеу бойынша азаматтардың барлығына жан-жақты көмек көрсетіледі.