Елордада «Ұлы дала жорығы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Кинокартинада былтырғы ат марафон-бәйгесі суреттелген.

Қатысушылар екі аптада Астанадан Түркістанға дейін 1300 шақырымды еңсерді. Осымен екінші рет ұйымдастырылған жорықта 93 сағат 47 минут 43 секунд есебімен Жетісу облысының командасы абсолютті чемпион атанған ед. Ал Маңғыстау облысының шабандозы Мағжан Абдолұлы 50 шақырымды 1 сағат 33 минутта жүріп өтіп, әлемдік рекорд орнатты. 19 мамырда Павлодар-Астана бағытындағы «Ұлы дала жорығы» басталады. «AMANAT» партиясы мен туризм және спорт министрлігінің қолдауымен өтетін марафон Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына арналады.

Рүстем Досжанов, «Ұлы дала жорығы - 2023» жеңімпазы:

- 2023 жыл сәтті жыл болды біз үшін. Бас бәйгені ұтып алдық. «Ұлы дала жорығының» маңызы өте зор. Ұлттық спорт деген халықтың ең сүйікті нәрсесі ғой.