Атырау-Орал бағытында көлік қозғалысы уақытша шектелді

Атырау облысында Жайық өзенінің суы әлі де көтеріліп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Бір тәулік ішінде су деңгейі Атырау қаласында 570, Махамбет ауылында 1011 см-ге жетті. Ал Жаңаталап, Еркінқала елді мекендерінде 2 сантиметрге жоғарылап, шекті межеге жақындаған. Индербор кентінің тұсында өзен суы 6 см-ге төмендеп, 10 метр 21 см-ді көрсетті. Қауіпті деңгейден 176 см асып тұр. Өңірде күрежолдарды су басу қаупіне байланысты Атырау-Орал бағытында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды.