Тасқыннан зардап шеккендерге әлеуметтік қолдау жалғасып жатыр
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Бүгінге дейін 3371 отбасыға біржолғы өтемақы ретінде 1,1 млрд теңге төленді. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бұл жұмыстар әлі де жалғасатындығын айтты. Тұрғындардан өтініш түскен бойда шығын көлемі анықталып, тиісті жәрдемақы тағайындалады.