Аурухана жылусыз қалуы мүмкін
Жамбыл облысындағы Жуалы аудандық ауруханасы биыл қыста жылусыз қалуы мүмкін.
Себебі 1960 жылдары салынған жылу желесі әбден тозған.
Жуалы аудандық ауруханасының жылу магистралі мекеме салынғаны ауыспаған. Сондықтан негізгі құбырлары шіріп жатыр. Тозған желі былтыр 7 жерден тесіліп, ақ халаттыларды әбден әбігерге салды. Мамандар магистральдың бұзылған тұстарын аурухана бюджетінен жөндеуге тырысқан. Бірақ нәтиже жоқ.
Асылбек Сембеков, Жуалы аудандық ауруханасының қойма меңгерушісі:
- Биыл қыстан шығу шықпау қаупі бар. Шыға алмаймыз ба, егер ауыспаса қауіп болады. Любой уақытта жарылып кетуі мүмкін. Труба шіріген пәленбай жыл жатқан труба. Қазір түртсеңіз оны бәрі шіріп тұр. Сварочный работаға да келмейді.
«Былтырға дейін аудандық аурухана орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылып тұрды. Бірақ жылуы мардымсыз болғандықтан жеке қазандық қойылды. Дегенмен оның жылуын жеткізетін магистраль ауыспай, пайда жоқ», - дейді мамандар.
Керімқұл Бегалиев, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты:
- Қазір данный момент ақша беріп табылатын болса жөндеуге болады. Ал кейінге қалдырып 2-3 айдан кейінге қалып кететін болса оны жөндеуге келмейді. Себебі бізде Жуалы ауданында қыс ерте түседі да жөндеу жұмыстары тоқтап қалуы мүмкін.
Ал аудан әкімдігіндегілер мәселені жылда көтеріп келеміз, бірақ денсаулық сақтау басқармасындағылар, сөзімізге былтыр ғана құлақ асты, - дейді. Ал ондағылар жобалық құжаттамасын биыл жасап, маусымда бюджеттік нақыталауға ұсынбақ.
Асхат Жабағы, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары:
- Бұл мәселені былтыр көтергенбіз аудан әкімдігі тарапынан. Жылда осы жылыту маусымында тиісті арнайы комиссия шығады қарайды. Сол кезде біз ескерту бәрін бергенбіз. Хабарлағанбыз. Сол кезден бастап қаржы қаралып, сол кезден бастап ЖСҚ әзірленіп, содан бастап жаңағы экспертиза шыққан кешегі сәуірдің ортасына келді.
Жауаптылар «жарамсыз 1000 метр магистральді жаңғыртуға 118 миллион теңге қажет», - дейді. Қажет қаржы бөлінсе, дер кезінде құрылыс жұмыстары басталса ғана қысқа дайындық туралы айтуға болатын шығар.
Авторлары: Мерей Бает, Елдар Байділдә