Семей тұрғындары жарықтандыру жүйесінің сапасына шағымданды
Семей қаласының тұрғындары қаладағы жарықтандыру жүйесінің сапасына шағымданды.
Саябақтар мен тұрғындар демалатын орындарда көше шамдары жанбай тұр. Оларды жөндеуге бюджеттен қомақты қаржы бөлінсе де жұмыстың нәтижесі көрінбейді. Бұл олқылықты қоғам белсенділері атқарушы органға жеткізген. Әкімдіктегілер жыл соңына дейін мәселені шешеміз деп сендірді.
Семейде жарықтандыруға қатысты мәселе жыл сайын көтеріледі. Осыдан бес жыл бұрын қала ШҚО қарамағында болғанда бұл мәселе толығымен шешіледі деп уәде берілген еді. Алайда сол уақыттан бері ештеңе өзгерген жоқ. Түнде қала әдеттегідей қараңғылық құрсауына енеді.
Илья Бароховский, Семей қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:
- Бұл жерде полигондағы сынақ құрбандарына арналған ескерткіш бар. Бұл орынның біз үшін маңызы зор. Ал мұндағы шамдардың жартысы жанбайды, көбі дұрыс орнатылмаған. Мұндағы жарық шамдарының барлығы осылай орнатылған сияқты. Семейліктер бұл жерге балаларымен келеді. Олар үшін қауіпті деп ойлаймын.
Блиц:
- Көше шамдары жанбай тұр. Олардың жанғанын осы күнге дейін көрген емеспіз. Оның үстіне дұрыс орнатылмаған,қасына жақындасаң құлап кететін сияқты. Балаларымыз үшін алаңдаймыз.
«Бейбітшілік аралы» саябағындағы көше шамдары жарты жыл бұрын орнатылыпты. Алайда қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Мұны байқаған қоғам белсенділері тәуелсіз сарапшыларды шақыртып, сараптама жүргізген.
Александр Хасис, электротехникалық зерттеулер бойынша сот сарапшысы:
- Шамдардарды ағымдағы жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжат талап етілмейді. Тіректерді тот басқан, ешқандай талапқа сай келмейді. Бұл адам өміріне қауіп төндіреді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын білмейтін адамдар жасаған секілді. Оның үстіне тапсырыс берушілер де тексермеген.
Қоғам белсенділері облыс әкіміне хат жолдап жұмсалған 800 млн теңге дұрыс игерілмегенін жеткізген.
Роллан Машпиев, қоғам белсендісі:
- Зерттеп келіп. Қарап бұл бағаналар келмейді деді. Бұны эксплуатация жасауға болмайды. Өйткені қауіпті. Егер мына этноауыл жақтағы бағаналардың барлығының фундаменті дұрыс жэасалмаған. 20-30 см ол құлап қалуы мүмкін.
Екі жыл бұрын Семейде 6700 шам іске қосылатыны айтылған еді. Бүгінде оның жартысы ғана жұмыс істеп тұр.
Рустам Айтқұлов, Семей қалалық ТКШ бөлімі басшысы орынбасарының м.а.:
- Бұл жұмыстар 2017 жылы Семей ШҚО қарамағында болған кезде басталған. Бұл желілердің барлығы басқа мекемеге тиесілі. Біз оларды өз қарамағымызға алу үшін 5 млрд төлеуіміз керек. Қазір бюджеттен мұндай қаржы бөліп, оны сатып ала алмаймыз.
Биыл қала бюджетінен қырық көшеге жарық шамдарын орнату үшін тағы 500 миллион қаражат жұмсалмақ. Қоғам белсенділері жұмыстың сапалы атқарылуына мүдделіміз деп отыр.
Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Медет Өмірханов