Биыл 386 адам биіктен құлап жараланған
Жыл басталғалы 386 адам биіктен құлап, мертіккен.
Оның 101-і бала. Кішкентайлардың дені көп қабатты үйлердің терезесінен құлап кеткен.
Бір өкініштісі, жаз шығып, күн жылына бұл көрсеткіш өсе түседі. Қайтпек керек?
Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:
- Жыл сайын үш жүзге жуық бала терезеден құлап мертігеді, мерт болғандары да бар. Әсіресе жаз шығып, күн жылынғаннан кейін мұндай трагедия көбейе түседі. Көп қабатты үйлердегі кішкентайлар үлкендердің көзін ала бере, қызық көріп терезеге ұмтылады. Арты қалай аяқталатынын мына сандардан аңғарыңыз.
Я өткен жылы мың жарымға жуық жан терезеге телміремін деп, төменге құлап кетті. Оның 507-і бала. Өкінішке орай, 26-сы қайғылы аяқталды. Ал 2022 жылы 250 бала мертігіп, 21-і мерт болды. Үш жыл бұрынғы жағдайда осыған шамалас. 28 бүлдіршін опат болған. Биыл...
ГРАФИКА:
Терезеден құлап мертіккен балалар
2021 жылы - 260 бала, қайтыс болды - 28 адам
2022 жылы - 250 бала, қайтыс болды - 21 адам
2023 жылы - 507 бала, қайтыс болды - 26 адам
Асхат Сапаров, ҰШМҮО Басқарма төрағасының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары:
- 2024-тің бірінші төрт айының қорытындысы бойынша 386 дерек тікелді, биіктен құлау жөнінде. Соның 101-і балалар. Біздің дерегіміз бойынша қайтыс болған балалар жоқ. Жылдан жылға статистика бойынша қараймыз өсіп келе жатыр. Мына биіктен құлау, соның ішінде мынау биік үйлердің терезелерінен құлау балалар арасында өсу байқалады.
Қаз-қаз қадам басқаннан айналасын зерттеу баланың кәдуілгі әдеті ғой. Сол қызығушылықпен терезеге ұмтылып, құлап кетеді. Статистика да солай дейді. Мертікккендердің дені 2 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер.
Ажар Рүстемова, мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары:
- Ересектер мен ата-аналардың назарын 4 қарапайым шараға назар аударамын. Бірінші қараусыз қалдырмау. Екінші терезені құлып құралымен қамту. Үшінші бұл терезенің айналасына жиһазды орнатпау. Бала қызықтырып, соған мініп құлауы мүмкін. Төртінші бұл балалармен қауіпсіздік туралы әңгімелесу және түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Төтеншеліктер түсіндірме жүргізгенмен, терезеден құлаған балалар азаймай тұр.
Сол себепті бірнеше жылдан бері құрылысты жүргізген мердігер қауіпсіздік торларын орнатуға міндеттелді. Алайда бұл тек кейінгі екі жылдықта іргесі қаланған тұрғын иелерге қатысты.
Ажар Рүстемова, мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары:
- Балаларды терезеден құлау себептерінен заң бойынша құрылыс нормалары дейміз ғой екі жыл бұрын өзгерістер еңгізілді. Барлық құрылыс компаниялары терезелерді осындай қауіпсіз торларды орнатуға міндетті. Негізгі бұл қауіпсіздік болғаннан кейін әрбір ата-аналардың негізгі міндеті.
Астана, Алматы секілді алып қалаларда бұл мәселе өте өзекті. Шымкент шаһарында да жағдай ушығып тұр. Қалған өңірлерде де жыл санап көп қабатты үйлердің көбейгенін ескерсек, бұл мәселеге әлі де айналып соғатындаймыз.
Шернияз Жалғасбекұлы, Марат Диханбаев, Ерлан Оспанов