Рудный тұрғыны мефедронды аузына жасырған
Қостанай облысының полиция қызметкерлері Рудный қаласында есірткі жасырумен айналысып келген тұрғынды ұстады, деп хабарлайды 24KZ.
Күдіктіден салмағы 29 грамнан астам мефедрон тәркіленді. Қолға түскен кезде ол синтетикалық заттың 18 zip пакетін түкірді. 39 жастағы ер адамның пәтерін тексеру және тінту кезінде жабысқақ таспамен оралған тағы 111 ұқсас пакет табылды. Бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін оның бар мүлкі тәркіленеді. Тағы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.