Атырау облысында қорғаныс бөгеті нығайтылды

«Атырау-Индер» тасжолының 25-ші шақырымында жайылма судың асфальт бетіне шығып кетуіне байланысты жолдың Жайық жақ бетіне шұғыл бөгет салу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Бұған 15 ауыр техника жұмылдырылды. Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов мәлімдеді. Әзірге тасжол жабылған жоқ. Көліктер қозғалысы қалыпты. Қазір қарғын суды сай салаға бағыттау жұмыстары қолға алынды.