Бірнеше фармацевтикалық компанияға ₸342 млн айыппұл салынды

Фармацевтика саласында картельдік сөз байласуға қатысушыларға 342 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл қитұрқы келіссөзді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әшкереледі. Бірнеше фармацевтикалық компания дәрілік заттарды тасымалдау және сақтау бойынша қызметтерді сатып алу кезінде өзара келісімге барғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сот бұл компаниялардың Қазақстан Республикасы монополияға қарсы заңнамасын бұзғанын, жасанды бәсекелестік туғыза отырып, алдын ала уағдаласқанын және лоттарды өзара бөлгенін растады.