Абайлаңыз! Алаяқтықтың жаңа түрі шықты

Алаяқтар күн өткен сайын адамды алдаудың жаңа тәсілін ойлап табады.

Енді "сізді емханаға қаралуға кезекке қойдық, оны растау үшін сізге код жібереміз" дейді. Осылайша аңқауды алдап, онлайн арқылы оның ақшасына қол жеткізеді. Алаяқтардың тағы қандай жаңа әдіс айласы бар?

Алаяқтарға қарсы күрес күшейген сайын, оларда айласын асыра түседі. Енді ауруханадан хабарласатын болған. Флюраграфияға түсіңіз деп шақырады. Қай күні кезекке тұрғаныңызды айтып, СМС код арқылы растауыңызды сұрайды. Құпия санды айтып қойсаңыз, атыңызға несие ресімдеп үлгереді.

Айдана Қозыбаева, Абай облысы ПД имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар басқармасының медиа-аналитика тобының аға инспекторы:

- Қаскүнемдер поликлиникадан флюрографиямен диспансерлеуге жазылуға шақырады. Олар күн мен уақытын таңдайды. Одан кейін СМС код-пен жазбаны растауды сұрайды. СМС есептік тіркелгіге кіруге өзгерту үшін қызметтерден келеді. Сіздерді қырағы болуға және алаяқтардың айла амалдарына түспеулеріңізді сұраймыз.

«Бір сом берсең – он аласың» дейтін алаяқтың айласы көп. Бірі – банк қызметкерімін десе, бірі – агенттіктің атын жамылып хабарласады. Жақында ғана Астана қаласының тұрғындарына «автокөлік ұттыңыз» деп хабарласқан жалған колл орталық анықталды. Алаяқтар бұл арқылы тұрғындардан 25 млн теңге жинап алған.

Дастан Қалиев, Астана қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы:

- Ұялы телефон арқылы хабарласып, сіз осындай автокөлік ұттыңыз. Осындай уақытта келесіз. Бірақ оған дейін сіз ақшалай осындай счетқа жіберуіңізді сұраймыз деп алдайды. Аталған алаяқтық фактісіне қатысы бар деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғындары ұсталды. Қамауға алынды. Қазіргі таңда осған ұқсас 25 дерекке қатысы бары анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақшасынан айырылған адамдардан құқық қорғау органдарына күн сайын арыз түседі. Осы өткен 4 айда астаналықтар алаяқтаға алданып, 3 млрд теңгеден астам қаражат аударған.

Зарина Кәп, Диас Ковланбаев, 24.KZ