Жылыой ауданында малынан айырылғандарға өтемақы төленді

Жылыой ауданында төтенше жағдай кезінде малынан айырылған 23 адамға 25 млн теңге өтемақы төленді.

Қалған өтініш иелеріне де айдың соңына дейін ақша аударылатын болады. Мұнда бас-аяғы 101 тұрғынның 876 бас ұсақ және ірі қара малы суға кеткен. Бұл жайлы аудандық Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев баяндады.

Нұртас Қуатбаев, Жылыой ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

- Зардап шеккендерден 101 өтініш түсті. Енді ол бұрынғы ереже бойынша 30 күннің ішінде, енді кешегі 17 майдан бастап ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген жаңа ереже шықты. Осы ережеге байланысты кешегі 20-сынан бастап осы айдың аяғына дейін өтінімдер беру басталды. Кешегі қабылданған өтінім бойынша 23 тұрғынға 26 млн теңге қаражат бөлінді.