Оралдағы саяжайларда техникалық тексеру басталды

Оралда 14,5 мың саяжай учаскесін су басса, соның 9 мыңға жуығы үй-жай.

Тұрғындардан түскен өтініштерді зерделеу барысында 2639 адамның саяжайдағы үйі - жалғыз баспанасы екені анықталды. Олардың тұруға жарамды не жарамсыз екенін тексеру үшін техникалық зерттеу жүргізіліп жатыр. Сарапшылар осы күнге дейін 600 үйді қарап шықты. Бағалау шараларынан кейін зардап шеккендерді үймен қамту мәселесі шешіледі.

Жандос Дүйсенғалиев, қала әкімінің орынбасары:

- Бірінші бұл «первичный рынок», жаңа салынып жатқан үйлерден сатып алу. Екінші вариантымыз риэлторлар арқылы екінші нарықтан алу. Солардан алып риэлторлармен бағаларын анықтап жатырмыз. Бізге ұсыныстарын беріп жатыр. Үшінші ойымыз жаңа шағын аудандарда, Зашағанда үйлерді салу көп қабатты. Оны қалай болатынын нақты айта алмаймыз. Осы 3 бағытты бәрін қолданармыз, мүмкін бір-екеуін қолданармыз.