Петропавлда «Ауыл жастары» құрылыс жасақтары құрылды

80 студент көктемгі тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа үйлер салуға көмектесіп, жаз бойы осында еңбек етеді.

Қатарға қабылданған жас мамандар салтанатты шеру өткізіп, алғашқы жұмыс күнін бастап кетті. Қазір қала шетіндегі ықшам ауданда 500 үй бой көтеріп жатыр. Әрқайсы 80 шаршы метрден. Олар үйсіз қалған отбасыларға дайын күйінде тапсырылады. 10 соттық жер қоршалып, толық абаттандырылады. Оған «Қазақстан халқына» қоры мен еліміздің ірі компаниялары қаржы бөлді. Енді құрылысшыларға жастар да қолғабыс етпек. Бұл «Ауыл» партиясының бастамасы.   

Серік Егізбаев, «Ауыл» ХДПП Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өзі жеке келіп, тұрғындармен кездесіп, жағдайды біліп, тиісті Үкіметке, тиісті мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмаларды беріп және де сол кезде басқа өңірлерде де тұрғындармен кездескенде Президентіміз бір берген уәдесі бар, ешкім көмексіз қалмайды, ешкім назарсыз қалмайды. Сондықтан ол баршамыздың азамыттық борышымыз.