Петропавлда мыңға жуық үй зарарсыздандырылды
Петропавлда су тасқынынан кейін мыңға жуық үй зарарсыздандырылды.
Бұл жұмыс үш кезеңнен тұрады. Эпидемиологиялық шара жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған. Сондай-ақ түрлі зиянкестерді жояды. Облыс орталығында екі мыңнан аса үй су астында қалған болатын. Есіл өзені тартылғаннан кейін бірден тазалық науқаны басталып кетті. Көшелер қалпына келтіріліп, сенбіліктер ұйымдастырылды.
Әсем Айтулова, қала әкімінің баспасөз хатшысы:
- Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады. Толық қаланы дезинфекциялағанға дейін осы жұмыстардың барлығы жалғасатын болады. Су тасқынынан аудандарынан бөлек бізде мынау саябақтарды, парктерді, кісілер көп жүретін жерлерді дезинфекциялау бойынша жұмыстар да жасалуда.