Ұлытау облысында 3,7 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алудың күші жойылды

Ұлытау облысында 12 мемлекеттік сатып алудың күші жойылды, деп хабарлайды 24KZ.

Конкурс жариялаған жергілікті атқарушы органдар 3,7 миллиард теңгеге өрескел қателіктер жіберген. Тексеру жүргізген прокурорлар осындай фактілерді анықтады. Көбіне тапсырыс берушілер қызмет бағасын негізсіз көтеріп, сараптамалар мен жобалық-сметалық құжаттамалар жасауда, заңсыз әрекеттерге барған.

Айдос Әбдібаев, облыстық прокуратураның басқарма бастығы:

- Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімі 1,9 теңгеге автомобиль жолдарын күтіп ұстауға мемлекеттік сатып алу жариялаған. Бұл ретте тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада заңда көзделмеген біліктілік талаптарын негізсіз қойған. Облыстық психикалық денсаулық орталығы науқастарды тамақтандыру қызметін сатып алу кезінде қаржыны 17,2 млн теңгеге негізсіз жоғарылатқан. Заңсыз мемлекеттік сатып алулар жойылып, 9 лауазымды тұлға тәртіптік, 17-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.