Егіс алқабының 40%-іне егін егілді

Еліміздің астықты аймақтарында егіс алқабының 40%-іне егін егілді, деп хабарлайды 24KZ.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарын аралап, диқандармен кездесті. Бұл өңірлер жалпы астық түсімінің 70%-ін өндіреді. Бүгінде шаруаларға 241 мың тоннадан астам дизель отыны жеңілдетілген бағамен жеткізілген. Алайда бірқатар өңірге тасымалдау ісі баяу орындалып отыр. Министр облыс әкімдіктеріне жанар-жағармайды кестеге сай тезірек жөнелтуді тапсырды. Сондай-ақ ол ауыл шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан жасалып жатқан жаңа мүмкіндіктер жайында айтып берді. Бұл – тыңайтқыштарды, тұқымдарды, техникаларды субсидиялау, инвестициялық жобаларды қаржыландыру және өзге де қолдау шаралары.