Қордай тұрғыны ескі қаруын полицияға тапсырды
Жамбыл облысындағы Қордай ауданының тұрғыны екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған қаруды полицияға тапсырды.
Тұрғынның сөзінше «Маузер» маркілі неміс мылтығын атасы соғыстан естелік ретінде алып келген. Қару жақсы қалпында сақталған. Сондықтан ол полиция департаментінің мұражайына қойылады. Жалпы өңірде қару-жарақты сатып алу акциясы басталғалы тұрғындар өз еркімен 101 мылтық-тапанша өткізген. Бұл мақсатқа өтемақы ретінде 10 миллионнан астам теңге бөлінді.
Қанат Құрманалиев, ПД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:
- 15 қару ойық ұңғылы, 85 қару тегіс ұңғылы, 1 қару травматикалық қару болып табылады. Ол бойынша 8 млн аса ақшалай сыйақы төленді. Өз еркімен тапсырған халық, адамдар ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.