Қызылордада екі көп қабатты үй қолданысқа берілді

150 пәтердің кілтін кезекте тұрған әлеуметтік аз қамтылған отбасылар алды.

Биыл өңірде 67 үй салынады. Бұл мақсатқа 13 миллиардтан астам теңге бөлінген. Сонымен қатар облыс орталығында бюджеттен тыс қаражат есебінен спорт кешені ашылды. Ғимаратта бір мезетте 350 спортшы жаттыға алады. Мұнда футзал, баскетбол сияқты командалық ойындармен қатар шахмат, тоғызқұмалақпен шұғылдануға болады.

Мұрат Мұхамадиев, жаттықтырушы:

- Волейболда сондай стандарттар болады. Биіктігі, ұзындығы соның барлығы сәйкес, өте жақсы. Қазір бізде Қызылордада волейбол өте дамып жатыр. Біздің 2010-2011 жылғы қыздарымыз екі дүркін Қазақстанның чемпионы болды.