ШҚО-да жаңа көпір салынады
Шығыс Қазақстан облысында апатты жағдайда тұрған көпір жөнделеді, деп хабарлайды 24KZ.
Бұған республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Ал көпірдің өзі әбден ескірген, көлік бір шетімен ғана қатынайды. Енді оның орнына жаңасын салу жоспарланған.
Көпірден өту үшін көліктер осылай ұзын-сонар кептелісте тұрады. Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда тек 30 шақты автокөлік арғы бетке өтіп үлгереді. Ой-шұңқырлы жолдан өту өте ыңғайсыз, – дейді жүргізушілер.
Сауалнама:
- Қазір бетін болсын, жөндеп қойды ғой. Көктемде мүлде жүре алмайтынбыз.
- Жүргізушілердің бәрі бағдаршамды алып тастау керек деп санайды. Кептелістің салдарынан көпірге үлкен салмақ түседі. Бұл қауіпті.
Осыған дейін ескі көпір Шемонаиха ауданы әкімдігінің балансында болды. Мұнда тек ағымдағы жөндеу жүргізілетін. Қалғанына қаражат жетпейді. Биылдан бастап көпір облыстық маңызы бар нысанға айналды.
Бақытжан Молдаханов, Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары
- Қазір облыстық бюджеттен ақша бөлініп, үлкен, ауқымды жұмыс өткізіліп жатыр. Жобалық-сметалық құжаттама дайындау барысында қазір геологиялық жұмыстар жүріп жатыр. Барлық қажетті құжаттарды дайындау үшін керекті жұмыстар атқарылып жатыр.
Ескі көпірді қайта жаңғыртуға 200 миллион теңге жұмсалды. Бірақ нысанның жағдайы әлі де көңіл көншітпейді. Облыс орталығындағы көлік кептелісін азайту үшін жаңа көпір салынады деп жоспарланып отыр.
Нұржан Жұмаділов, ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
- Жобалық-сметалық құжаттар жасалып жатыр. Біз конкурсты өткіздік. Алматылық компания ұтып алды. Құжаттарға сай көпірдің құны анықталады. Шамамен 10-12 млрд болады деп есептеп отырмыз.
Жергілікті билік енді көршілес Ресей еліне қатынауға еш кедергі болмайды деп сендірді. Мамандардың есептеуінше, жаңа көпірдің құрылысына шамамен 12 млрд қаржы жұмсалады.
Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Вячеслав Ветлугин ,Жигер Бабаканов.