ҚХА кеңейтілген отырысы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелері Астанада бас қосты, деп хабарлайды 24KZ.

Отырысқа әр саланың 53 маманы қатысты. Олар «Прогрессивті ұлттың іргелі құндылықтары» жайында сөз етті. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қазақ қоғамын қалыптастыру жолында ұрпақты ғылым мен білімге баулу басты мәселе екенін атап өтті. Сондай-ақ этносаралық қатынастар саласында ғалымдардың қатысуымен дайындалған «Этнополитология» оқу құралы талқыланып, ассамблеяның 30 жылдығына қатысты шаралар пысықталды.

Елдос Жұмағұлов, «Қоғамдық келісім» РММ сарапшысы:

- Келесі жылы бізде үлкен іс-шара. 30 жыл толады Ассамблеяға. Соған байланысты антология шығару жоспарланған. Антологияның құрылымын талқылайтын боламыз. Бұл – үлкен алаң.