Ақтөбе облысында 800 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтеді

Ақтөбе облысының 9 ауданында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу шаралары жүріп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Биыл өңірде зиянкестер жылдағыдан ерте шыққан. Әсіресе, Ойыл, Шалқар және Ырғыз ауданындағы жағдай күрделі. Бірақ мамандар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер үшін қауіп жоқ деп отыр. Себебі шегірткенің қанаты қатып, ұшатын кезеңі шілденің ортасында басталады. Жалпы облыс аумағында 800 мың гектарға жуық алқап химиялық өңдеумен қамтылады.

Арыстанбек Жақыбаев, облыстық аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Фитосанитарлы диагностика орталығы тексеру жұмыстарын жүргізіп, сол мәліметіне сәйкес, химиялық өңдеу жүргізіліп жатыр. Үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына облысқа қажетті препаратқа мемлекеттік сатып алу жұмыстары республика бюджет есебінен комитет арқылы жүргізіліп, бүгінгі күні толық алынды және облыс аудандарына жеткізілді.