Атырау – Астрахань бағытындағы айналма жолдың су өткізу құбыры бұзылды

Жайықтың суы Атырау – Астрахань бағытындағы айналма жолдың су өткізу құбырын бұзды, деп хабарлайды 24KZ.

Осыған байланысты көлік қозғалысын ретке келтіру үшін жолдың жанындағы құрылысы аяқталмаған көпірді ашуға тура келді. Жалпы Атырау – Орал, Атырау – Индер бағытындағы жолды су басқандықтан, көліктер осы айналма жол арқылы қатынайтын. Бұған дейін тәулігіне 6 мыңға дейін көлік жүретін жолдың қазіргі жүктемесі 8 мыңға жетіп отыр.

Азамат Қабдығалиев, «қазавтожол» ҰК» АҚ ОФ басшысының орынбасары:

- Айналма жолды қалыпқа келтіру үшін 8 су өткізу құбырын саламыз. Бүгінде көлік қозғалысы жиіледі. Сол үшін көпірді аштық. Полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қадағалайды. Қалыпқа келтіру жұмыстарына 20-ға жуық техника мен 30-ға тарта маман жұмылдырылды.