Қарағандыдағы Сахалин шағынауданының коммуналдық жүйесі жаңартылады
Биыл Қарағандыдағы Сахалин ықшамауданында орталықтандырылған ауызсу мен кәріз жүйесі пайда болады, деп хабарлайды 24KZ.
Қазір құрылысшылар 9 шақырым су және 4,5 шақырым кәріз құбырын тартып жатыр. Шағын ауданда 3 мыңнан астам тұрғын бар. Бұл – «Таза Қазақстан» акциясы аясында басталған алғашқы жұмыстар. Осыдан кейін көшелер қалпына келтіріліп, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
Жанболат Тоқмұрзин, ТКШ, жолаушылар көлігі және автожолдар бөлімі басшысының орынбасары:
- Бүгінгі уақытқа 1,5 шақырым су құбырын салдық және 300 метрдей кәріз құбырын тарттық. Барлық жұмысты осы жылдың аяғына дейін аяқтаймыз деген жоспарымыз бар. Матариалдың барлығын осында алып келді. Техниканың барлығы жұмыс істеп жатыр. Адам күшімен қамтылды.