Щучинскте студенттің өліміне қатысты сот үкімі шықты
11 адам кінәлі ретінде бопсалау, бұзақылық және адамды өзін-өзі өлтіруге итермелеу бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Бұл туралы Бурабай аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады. Жеті адам 4 жылдан 5 жылға дейін жазасын өтесе, қалған үшеуі осындай мерзімге бас бостандығынан шектелді. Біреуі кәмелет жасқа толмағандықтан, жазадан босатылды.
Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Бурабай ауданындағы теміржолда 19 жастағы колледж студентінің мәйіті табылған. Айыптаушылардың пайымынша, ол бопсалау әрекеттерінен жәбір шегіп, өз-өзіне қол жұмсаған.