Павлодар облысында қансорғыш жәндіктерге қарсы күрес күшейді
Павлодар облысында маса-шіркейлерді жаппай жою жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды 24KZ.
Жыл сайын осы мезгілде Ертіс өзенінің жағасындағы орман алқаптары әуе, су және жер арқылы дәріленеді. Бұл жұмыстарға биыл 8 ұшақ қатыстырылып отыр. Ғалымдардың айтуынша, қансорғыш жәндіктер адамдарға жайсыздық тудырып қана қоймай, түрлі ауруларды да тасымалдайды. Өңдеу жұмыстары бірнеше кезеңнен тұрады. Облыста зиянды жәндіктерді жоюдың кешенді жобасы бекітіліп, 3 жылға 8 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. Өзен арнасына «Бактецид» препараты құйылады. Биологиялық қоспаның қоршаған ортаға зияны жоқ. Жалпы дезинсекциялық жұмыстар бір айға созылады.
Қанат Ахметов, ғылыми топтың өкілі:
- Шіркейлердің, жалпы мынау Ертістегі даму санын не болмаса ағындардағы даму санын жалпы бір шаршы дециметрге санайды. Бір шаршы дециметрге санасақ, 1,5 мыңнан астам дернәсіл өзінің стацияларында. Стация дегеніміз – ол бекініп отыратын жерлері. Биыл су Ертіске көп түсіп жатыр да, Ертістің суы салқын. Бұлардың дамуы кішкене тежелді осы салқындыққа байланысты. Былтырлары осы 17 мамырда болса, биыл енді мамырдың аяғына келіп тіреліп отыр.