Биыл 12 адам суға батып кеткен
Биылдың өзінде 12 адам суға батып кеткен. Ал 38 кісі дер кезінде құтқарылған.
Алдағы шомылу маусымына орай арнайы брифинг өткізген мамандардың айтуынша, демалушылардың көбі тиісті талаптарды сақтамайды. Мұның соңы қайғылы жағдайларға ұласып отыр. Жалпы биыл елдегі су айдындарында шомылуға рұқсат берілетін қосымша 105 жағажай қарастырылмақшы екен. Сонда мұндай орындардың саны 700-ге жуықтамақ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі айтты. Сонымен қатар 70 мобильді құтқару бекетін салу жоспарланып отыр.
Алексей Советов, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары:
- Жыл басынан бері 20 мыңнан астам балаға жүзу дағдылары үйретілді. Әкімдіктер балаларға арналған қауіпсіз жағажайлар дайындап жатыр. Тәртіп сақшыларымен бірге су айдындарында рейдтер жүргізіліп жатыр. Тиісті ережелерді сақтамаған демалушыларға 500-ден астам хаттама толтырылды.