Ерлік жасаған балалар марапатталды
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында жас батырлар елорда төрінде бас қосты, деп хабарлайды 24KZ.
Әр өңірден жиналған мектеп оқушыларын бүгін Оқу-ағарту министрлігі марапаттады. Кездесуге келген жас қонақтарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кету керек, кәмелеттік жасқа толмаған батырлардың бірі 5 жасар баланың өмірін құтқарған болса, енді бірі өртеніп жатқан үйден қарияны аман алып шыққан.
Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:
- Өздерінің білімімен, өнерлерімен және ерліктерімен ерекше көзге түскен балалар. Министрліктің атынан алғысхаттар және сыйлықтар бердік. Жазғы демалысқа арналған арнайы челленджімізді осы жерде бастап отырмыз. Ол – «Жазда кітап оқиық» деген челлендж. Министрлік тарапынан жазда оқитын кітаптар тізімі ұсынылып отыр. Осы кітаптарды оқып балаларымыз жазды қызықты өткізеді деген ойымыз бар.