Атырау облысында шегірткелерді улау жұмыстары басталды

Биыл өңірде 86 мың гектар жерді химиялық өңдеу жоспарланған, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл былтырғы көрсеткіштен 3 есе көп. Қазір Құрманғазы, Қызылқоға және Исатай аудандарында шегірткенің италиялық прус деп аталатын түріне қарсы күрес жүріп жатыр. Осы күнге дейін 4300 гектар аумаққа дәрі себілді.

Абила Қазиева, облыстық аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Шыққан шегіртке «личинкаларын», дернәсілдерін экономикалық зиянды шегінен жоғары болған жағдайда өңдеуді жүргіземіз. Облысқа «Авиасила» алматылық компаниясының 3 тікұшағы келіп, жұмысын жүргізіп жатыр. Оның біреуі Қызылқоға ауданында, біреуі Құрманғазы ауданының қырында, енді біреуін Нарын жағына, Айбас құмына, Исатай ауданына жөнелттік.