Ақмола облысындағы курорттық аймақ жазғы маусымға дайын

Биыл Ақмола облысына 1 млн 200 мыңдай турист келмек, деп хабарлайды 24KZ.

Өңірдегі курорттық аймақтар жазғы мауысымға дайын. Оларды абаттандыруға және меймандарға қолайлы жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді. Мысалы, Щучье-Бурабай курорттық аймағында 1 200 көлікке арналған екі автотұрақ ашылып, 27 қоқыс жинайтын алаң дайындалды. Сонымен қатар жергілікті билік операторлармен бірлесіп, интернет пен ұялы байланыстың сапасын жақсарту үшін 5 антенна құрылғысын орнатуды жоспарлап отыр.

Андрей Подгурский, облыстық туризм басқармасының басшысы:

- Туристер көп жиналатын жерлерге осы контейнерлер орнаттық. Алдаға уақытта курорттық аймақта тазалық мәселесін толық шешеміз деген ойдамын. Одан бөлек, Бурабайда 88 санитарлық-гигиеналық торап іске қосылды. Туристердің ыңғайлығы үшін биыл санитарлық-гигиеналық тораптар қызметінің құнын 50 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылданды. 5 дәретхана тегін жұмыс істейтін болады.