Үйдене және Қандысу су қоймалары жөнделеді

Шығыс Қазақстан облысында Үйдене және Қандысу бөгеттері қалпына келтіріледі, деп хабарлайды 24KZ.

Мамандар қос нысанның жай-күйін апатты деп таныған. Жөндеу жұмыстарын республикалық бюджет есебінен алдағы 3 жылда аяқтау жоспарланған. Әсіресе биіктігі 20 қабатты үймен бірдей болатын Үйдене су қоймасы басты назарда. Оның жүктемесін азайту үшін қазір барынша су жіберіліп жатыр. Ал Қандысу транзитті режимде істеп тұр.

Жалпы өңірдегі 130 гидроқұрылыстың 89-ы жөндеуді қажет етеді. Дегенмен шығыста су тасқынынан қауіп жоқ. Таулы аймақтағы қардың біркелкі еруінен өзен-көлдер мен су қоймалары 60%-ке толған.

Нұржан Әміржанов, «Қазсушар» РМК ШҚО филиалы директоры:

- Биыл біз көпфакторлы жұмыстар атқарған болатынбыз. Солардың нәтижесінде Үйдене су қоймасы қазір апатты деп танылды. Енді қазір бізді 35 млн куб су бар ішінде. Соны тастау жұмыстарын бастап жатырмыз. Секундына 28 метр куб «сбросты» жасап отырмыз.