Алматыда 12 елдің цифрлы үкіметтерін дамытуға арналған жоба іске қосылды
Алматыда Орталық Азия, Кавказ және Азия-Тынық мұхиты аймақтарының 12 елінің цифрлы үкіметтерін дамытуға арналған жоба іске қосылды, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл бастаманы Оңтүстік Корея үкіметі қаржыландырады. Атап айтқанда, корейлік тарап цифрлы трансформацияның заңнамалық аспектілерін таныстырды. Сондай-ақ жемқорлықпен күрес, халыққа қызмет көрсету саласында түрлі озық кейстер ұсынылды. Қазақстан электронды үкімет бойынша БҰҰ индексінде алғашқы 30 елдің қатарына кіреді. Дегенмен кадастрларды цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігі, мемлекеттің қатысумен бөлінетін жер телімдері мен пәтерлерді беруде блокчейнді пайдалану сияқты бағыттарды жетілдіруіміз керек, – дейді Әлихан Бәйменов.
Әлихан Бәйменов, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы:
- Кореяда, Аньян қаласында балалардың, әйел адамдардың, жастардың қауіпсіздігі үшін керемет жүктемелер жасалған. Ол жүктеме қалада жүргенде өте пайдалы. Сол секілді көптеген азаматтардың өздеріне керек, қызмет көрсетуде және Үкіметтің ішкі жұмысын ұйымдастыруда қажет жаңалықтарды бір-бірінен алып отыр.