Қызылорда облысында 50 мың гектар жер шегірткеге қарсы дәріленеді

Қызылорда облысында 50 мың гектарға жуық жер шегірткеге қарсы дәріленеді. Бүгінде Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарында шегірткенің италиялық прус түрі кездессе, Шиелі мен Жаңақорғанда азиялық шегірткенің дернәсілдері жер бетіне шыққан, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгінде бұл аумақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Зиянкестердің ошағын анықтау және бақылау үшін өңірде жұмыс тобы құрылды. Мониторинг шаралары іргелес Түркістан, Ақтөбе және Ұлытау облыстарының мамандарымен бірге жүргізіліп жатыр. «Соңғы жылдары аймақта азяилық шегірткенің азайғаны байқалады», – дейді мамандар.

Мұхтар Оразбаев, облыс бойынша аумақтық инспекция басшысы:

- Былтыр 2023 жылы өңделген жұмыстармен 2024 жылы өңделген жұмыстардың арасында қазір 5 мың 364 гектарға азайды. Оның ішінде азиялық типтес шегіртке түрлерінің азаю көлемі байқалады. Есесіне былтырғыға қарағанда биылғы италиялық преске қарсы өңдеу жұмыстары 2 мың гектарға артып отыр. Бұл да болжамдау әдістемелік орталығының зерттеу жұмыстарының арқасында.