Егін егу науқаны жоспарлы түрде жүріп жатыр – ҚР АШМ

Көктемдегі су тасқыны, егін егу науқанына кері әсер етпейді. Бұл жөнінде бүгін Парламент қабырғасында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты, деп хабарлайды 24kz.

Оның сөзінше, биыл еліміз астықсыз қалмайды. Алаңдауға еш негіз жоқ. Су басқан алқаптардың орнына шаруалар егінді, парға қалдырған жерлеріне еге алады. Қазір министрліктің мәліметіне сәйкес елдегі 21 млн-нан астам гектар аумақтың 14 млн-ға жуығы еңсерілген.

Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Проблема болмайды. Оған біздер толық сеніммен айта аламыз. Былтыр қалған бидай қоры жеткілікті.