Еліміздегі гидронысандар суға толды

Көктемгі тасқыннан соң елдегі ірі су қоймалары тіршілік нәрімен толды.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында ірі гидронысандардың толу деңгейі 90 пайыздан асқан. Ал Абай мен Батыс Қазақстан облыстарында 80 пайыздан жоғары. Жиналған тіршілік нәрі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке пайдаланылады.

Графика:

Су қоймаларының толу деңгейі

СҚО - 2 су қоймасы 100%

Қарағанды - 3 су қоймасы 99,3%

Ақмола - 2 су қоймасы 98,6%

Ақтөбе - 2 су қоймасы 95%

Қостанай - 2 су қоймасы 91%

ШҚО - 2 су қоймасы 90%

БҚО - 4 су қоймасы 89%

Абай - 1 су қоймасы 82,7%