Буллингке қарсы ұлттық бағдарлама қолға алынды

Елде буллингке қарсы "ДОСБОЛ LIKE" ұлттық бағдарламасы қолға алынды.

Әзірге пилоттық жоба ретінде 50 мектепте жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің комитет төрағасы айтты. Жоба жасөспірімдердің әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын дамытуға бағытталған. Сонымен қатар жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін 300-ден астам тәлімгер бекітілді. Олар жеткіншектерді қоғамға бейімдеуге және қарым-қабілетін арттыруға көмектеседі.

Насымжан Оспанова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:

- Мемлекеттік білім беру ұйымдарының барлығы бейнебақылау құрылғыларымен қамтылып, жүйе жедел басқару орталықтарына қосылды. Балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Буллингке қарсы шаралар күшейтілді. Пилоттық режимде енгізілген "ДОСБОЛ LIKE" жобасымен кейін барлық мектепті қамту көзделген.