Репрессиядан зардап шеккендерге жәрдемақы беріледі

Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар мен олардың ұрпақтарына мемлекеттік жәрдемақы ретінде 20 млрд теңгеге жуық қаржы төленген.

Аталмыш әлеуметтік көмек репрессияға ұшыраған жандарға 2003 жылдан бастап беріліп келеді. Биыл бұл мақсатқа 2,7 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Елімізде бүгінгі таңда саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен азамат ретінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын 26 833 адам бар. Сондай-ақ репрессия құрбандарын еске алу күніне орай аталмыш санаттағы тұлғаларға біржолғы материалдық көмек қарастырылған. Биыл 9 668 азаматқа біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.