Қызылордалықтар жазықсыз құрбандарды еске алды
Мыңдаған жазықсыз жанның қаны төгілген тарихтың қаралы датасын қызылордалықтар да еске алды, деп хабарлайды 24KZ.
Сол бір алмағайып заманда Сыр елінен 4 жарым мыңдай боздақ кінәсіз ит-жеккенге айдалып, дәлелсіз сотталды. Оның 600-ге жуығы ату жазасына кесілді. Өңірдің зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қойды. Тарихи-танымдық шарада ардагерлер Алаш ардақтыларының, азаттық үшін күрескен қайраткерлік жолын әңгімеледі. Жазықсыз жапа шеккендер жайлы естеліктер айтылып, азалы күндер жаңғырығы қозғалды.
Әбіш Сәбит, «Невада-Семей» ҚБ төрағасы:
- Бұл күн – енді өте қайғылы күн. Олар байғұстар не үшін атылғанын да білмейді. Қайда көмілгенін де білмейді. Кімдердің жатқанын да білмейміз. Тек сүйектерін ғана көрдік біз. Нағыз қазақтың батырлары, қаймақтары шығар. Сондай көп адамдардың сүйегінің шыққанын өз көзіммен көрдім. Тек бастары тесілген.