Алматыда Mass Alert жүйесі сынақтан өткізілді

Алматыда төтенше жағдай туралы жедел хабар беретін Mass Alert жүйесі сынақтан өткізілді, деп хабарлайды 24KZ.

Андроидты смартфондарға, күндізгі сағат 12:00-де жаппай белгі берілді. «Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізіліп жатыр» деген үш тілдегі ақпарат телефонның басты бетіне шығып, дыбыстық дабыл қосылды. Mass Alert жүйесінің SMS-ке қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Барлық операторға қосылған жүйе бір уақытта жаппай хабарлама жібере алады. Сондай-ақ Mass Alert-ті, Алматының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі туралы құлақтандырудың автоматты жүйесімен біріктірмек. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып отыр.

Сауалнама:

- Телефонымның бірден дауысы шығып, тоқтамай кеткеніне алаңдап қалдым. Қарамауға мүмкіндік болмады, бірден ашып қарадым. Бұрын осындай хабарламалар келген кезде естімей қалатын едік.

- 3 рет қатты дызылдап келді, сосын ішінде «халыққа хабарландыру, алаңдамаңыздар, тексеріп жатырмыз» деген бірнәрсе келді.