Шымкенттіктер репрессия құрбандарының рухына тағзым етті

Шымкенттіктер «Қасірет» мемориалында қуғын-сүргінге ұшыраған құрбандарды еске алды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл күні зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен жазушылар бабалар рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл қойды. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары оңтүстік өңірдің 7500-ден аса тұрғыны саяси репрессияға ұшыраған. Нақақтан халық жауы атанған екі жарым мыңдай боздақ осы жерде атылған болатын. Оларды толық ақтау жөніндегі комиссия өкілдері зерттеу жұмыстарын әлі де жүргізіп жатыр. Ал музей қызметкерлері болса «Тарих.Тағылым.Тұлға» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырып, репрессия құрбандары жайында мағлұматтарды кеңінен насихаттауда.

Мария Асқарова, Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің директоры:

- Олардың аты жазылмаған, ешқандай қабірі қойылмаған. Осы жерде сүйектері табылғаннан кейін жақын жердегі мазаратқа олардың сүйектері жерленген болатын. Экскурсия, сабақтар, фильм көрсету, көздесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырудамыз.