Қазақстанда бала туу көрсеткіші азайды

Бала туу көрсеткіші  жөнінен былтыр соңғы бес жылдағы ең төменгі көрсеткіш тіркелген.

Ұлттық статистика бюросының дерегі осы. 2019 жылы 402  300-ден аса сәби дүние есігін ашса, пандемия басталған жылы 426  800-ден астам бала өмірге келіпті. Былтыр 388  400-ден астам нәресте дүниеге келген. Оның ішінде 51 пайыздан астамы ер бала болса, қалғаны қыз бала. Көбі, яғни 60-пайызға жуығы қалада туылды. 41 пайызының кіндігі ауылдағы перзентханада кесілген.