Астанада балалар ойын алаңы ашылды
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астанадағы «Қуаныш» тұрғын үй кешені ауласынан, ойын алаңы ашылды, деп хабарлайды 24KZ.
Балалар үшін салынған алаңда түрлі спорттық жабдықтар мен әткеншек орнатылған. Бұған мұрындық болған «Есіл» ауданы әкімшілігі. Тұрғындар мерекелік сыйға ризашылығын білдірсе, «Хабар» телеарнасының қызметкерлері балаларға арнап тәттілер үлестірді.
Дәрменияр Қыдырбекұлы, «Есіл» ауданының әкімі:
- Биылғы жылғы біздің абаттандыруымызды осы екі ауладан бастадық. Халықтың бюджетке арналған бағдарламасы бар. Соған байланысты тағы да жоспарларымыз бар. Ол бір айдың көлемінде жасалады. Орнатылған архитектуралық формаларымыз сапасы арнайы тексеруден өткен.
Әлия Дүйсенбайқызы, «Хабар» телеарнасының қызметкері:
- Бүгінгі балалар мерекесі құтты болсын бәрімізге. Осы мерекеге орай «Есіл» ауданы әкімшілігіне алғысымыз шексіз. Біздің тұрғын үйдің балаларына арнап, осындай ойын алаңын қойып беріп жатыр. Балаларымыз шексіз риза.