Су тасқыны: 5000 адам уақытша бекеттерді паналап отыр
Су тасқыны кезінде қауіпсіз жерге көшірілген 63 мың тұрғын үйлеріне оралды, деп хабарлайды 24kz.
Ал, бес мыңнан астам азамат әлі уақытша орналастыру бекеттерін паналап отыр. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Өңірлерден 28 млн текше метрден аса, еріген қар суы сорылды. 8 миллионға жуық құм салынған қап төселіп, 1,5 миллион тонна инертті материал пайдаланылды.
Графика
Үйіне оралды – 63 063 адам
Уақытша орналастыру бекетінде – 5268 адам
Су сорылды – 28,2 млн м3
Қапшық – 8,1 млн
Инертті материал – 1,5 млн теңге.