Диқандар шегірткеге қарсы күресті күшейтті
Қазір Ақтөбе мен Қостанай облыстарында қажетті техника мен пестицидтердің қоры дайын тұр, деп хабарлайды 24KZ.
Уақытша жұмысшылар тартылып жатыр. Бұл мәселе Үкіметтегі республикалық жедел штабтың үшінші отырысында пысықталды. Ресми мәліметке сүйенсек, Түркістан облысында 200 мың гектардан аса жерде Марокко шегірткесінің дернәсілдеріне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Жамбыл облысында қорғау шаралары толығымен аяқталды. Италиялық прусқа қарсы қорғаныс шаралары да қарқынды. Ауыл шаруашылығы министрі өңірлік штабтарға жағдайды күн сайын хабардар етуді тапсырды. Қажет болған жағдайда дереу техника тартып, уақытша жұмысшыларды мүмкіндігінше көбірек жұмылдыру тапсырылды.